Алдымен тауар тізімін реттеңіз
Бір тауардың әртүрлі атауы, өлшем бірлігінің айырмасы және қайталанған артикул импорт кезінде мәселе тудыруы мүмкін. Қай жазба негізгі екенін анықтап, бастапқы файлды өзгеріссіз сақтаңыз.
Қалдықтың күнін бекітіңіз
Қалдық белгілі бір сәтке тиесілі болуы керек. Импорт кезінде жаңа сату мен кіріс тоқтамаса, қандай операция қай жүйеде тіркелетінін келісіңіз. Бірнеше қойма болса, әр қойманың қалдығын бөлек салыстырыңыз.
Сынақ операцияларын өткізіңіз
Бір тауардың кірісі, сатылуы, қайтарылуы және ауысуын тексеріңіз. Санның ғана емес, құжаттың күні мен жауаптысының дұрыс сақталуын қараңыз. Қателерді түзеткеннен кейін ғана толық көшіру жоспарын орындаңыз.
Жүйе енгізумен жұмыс бітпейді
Қызметкерлер тауарды қалай тіркейді, түгендеуді кім бекітеді, резервтік көшірме қалай алынады — күнделікті ережелер қажет. Qsystem тауар және қойма есебін осы процестермен бірге жобалайды.
